ЭЦҚ алу үшін өтінім беру бойынша нұсқаулық


Ұғымдар мен қысқартулар

ҚР ҰҚО – «Электрондық үкімет», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы

Жабық кілт – ҚР ҰКО жазылушысына белгілі және ЭЦҚ құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық символдардың бірізділігі

Пайдалушының компьютеріне қойылатын ең төмен талаптар

  • Браузер: Internet Explorer 10+, Firefox 4+, Opera 10+, Google Chrome 4+, Safari 5+;
  • NCALayer (соңғы нұсқа);
  • Операциялық жүйе: Windows XP/7/8/10, Linux, OS X 10.

Тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру

Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолында www.pki.gov.kz теріңіз. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың басты парағы пайда болады (1-сурет).

1-сурет

«ЭЦҚ кілтін алу» мәзірін басыңыз, «Заңды тұлғалар» бөліміне кіріңіз. Пайда болатын мәзірде қызметкердің қажетті лауазымын таңдаңыз. Ашылған терезедегі ақпаратпен танысыңыз және «Өтінім беру» батырмасын басыңыз (2-сурет).


2-сурет

Одан әрі пайдаланушылық келісіммен танысыңыз, қанат белігісін қойып, «Енгізу» батырмасын басыңыз (3-сурет).

3-сурет

Ашылған терезеге БСН және суреттегі кодты енгізіңіз (4-сурет), «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

4-сурет

ЗТ МДҚ базасымен енгізілген БСН сәтті тексергеннен кейін «Ұйымның атауы» жолына ұйымның тіркелген атауы шығады. Содан кейін ЖСН енгізіп, «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз (5-сурет).

5-сурет

ЗТ МДҚ қорымен енгізілген ЖСН сәтті тексергеннен кейін Сіздің ТАӘ туралы деректер автоматты түрде толтырылады (6-сурет).

6-сурет

Одан әрі «E-mail» жолына (бұл жол міндетті емес) өз электрондық почта мекенжайын енгізу қажет. Осы электрондық пошта мекенжайына Сізге ЭЦҚ жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі, сондай-ақ өтінімді беру аяқталғаннан кейін Сізге өтінімнің нөмірі мен Тіркеу орталығына ұсынуға арналған өтініш жіберіледі.

Назар аударыңыз! «E-mail» жолын мұқият толтырыңыз, егер Сіз қате жіберсеңіз, сәтті тіркеу туралы хабарлама сіздің электрондық мекенжайыңызға келіп түспейді.

Төмен берілген өтінім расталатын облыс пен қаланы ретімен көрсетіңіз (7-сурет).

7-сурет

Содан кейін, тізімнен «Кілттерді сақтау орны» түрін таңдау қажет – Дербес компьютер, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken. Казтокенге арналған белгілі пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72K), JaCarta: 1234567890.

Одан әрі кілттерді сақтау орнына жету жолын таңдаңыз. Тізімдегі қорғалған тасығыштарды пайдаланған жағдайда, бағдарлама компьютерге қосылған құрылғыларды өзі тауып, сізге оны қосуды ұсынады (8-сурет).

8-сурет

Сақтау орны ретінде «Дербес компьютер» таңдалған жағдайда, «Кілттерді сақтау орнына дейінгі жол» жолында кілтті контейнерлер (жабық кілттер) құрылатын буманы көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз (9, 10-суреттер).

Тіркеу орталығының операторы өтінімді растағаннан кейін жабық кілттерге тіркеу куәліктері орнатылады.

9-сурет

10-сурет

Одан әрі «Өтінім беру» батырмасын басыңыз (11-сурет).

11-сурет

Келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады.

Назар аударыңыз! Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз, ол Сіздің өтінімді Тіркеу орталығында сәйкестендіру, сондай-ақ шығарылған тіркеу куәліктерін орнату үшін қажет.

Өтінішті Сіз үшін ыңғайлы форматта сақтаңыз және басып шығарыңыз (12-сурет).

12-сурет

Өтінімді бергеннен кейін Сіздің компьютерде жабық кілттер қалыптастырылды. Өтінішті берген кезде Сіз көрсеткен жол арқылы буманы ашып, олардың бар болуына көз жеткізе аласыз (13-рис).

13-сурет

Өтінішті сәтті ұсынғаннан кейін Сіздің e-mail-ге (оны тіркеу кезінде көрсеткен жағдайда) өтініміңіздің нөмірі көрсетілген ҚР ҰКО сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді.

Маңызды! ҚР ҰКО ақпараттық хатты жеткізген үшін жауапты болмайды. Ол жоқ болған жағдайда, спам бумасын тексеріңіз, көрсетілген мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз немесе Сіздің пошталық сервердің сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыз! Өтінімді бергеннен кейін ұсынылған өтінімді растау үшін Сізге заңды тұлғаның Бірінші басшысына жүгіну қажет.

Одан кейін өтінімді берген күннен батап 1 айдың ішінде бекітілген құжаттар пакетімен Тіркеу орталығына жүгіну қажет. Сіз көрсетілген кезеңде өтінімді Тіркеу орталығында растамаған жағдайда өтінім жойылады. Құжаттардың қажет тізімімен ресми сайтта таныса аласыз.

Өтінімнің мәртебесін тексеру және тіркеу куәліктерін орнату

Өтінімді Тіркеу орталығында растағаннан кейін Өтініміңіздің мәртебесін тексеру функционалын пайдаланыңыз.

Ол үшін «Берілген өтінімнің мәртебесі» бөліміне өтіңіз (14-сурет).


14-сурет

Ашылған терезедегі «Өтінім нөмірі» жолына On-line өтінім берген кезде Сіз алған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасын басыңыз (15-сурет).

15-сурет

Сіздің өтініміңіз туралы ақпарат ұсынылады.

«Өтінімнің мәртебесі» жолында берілген өтінімнің өту кезеңі көрсетіледі.

Тіркеу куәліктері сәтті шығарылған кезде – «Өтінім бойынша шығарылған тіркеу куәліктері (сертификаттар)» мәртебесі көрсетілетін болады (16-сурет).

16-сурет

Тіркеу куәліктерін орнату үшін жабық кілттеріңіз сақталған папканы көрсетіңіз және іздеу белгісін басыңыз. Өтінімді берген кезде қалыптастырылған жабық кілттеріңізді сақтау орнын көрсетіңіз. Және «Ашу» батырмасын басыңыз (17-сурет).

Назар аударыңыз! Кілттер қолдау көрсетілетін қорғалған тасығыштардың біреуіне шығарылған жағдайда: eToken 72K, JaCarta, Kaztoken, тіркеу куәліктерін орнатқан кезде құрылғыны алдын ала компьютерге қосыңыз.

17-сурет

Кілттерді сақтау орны ретінде Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда –парольді толтыру жолдары пайда болады (18-сурет). Өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап табыңыз.

Назар аударыңыз! Пароль жоғарғы және төменгі тіркелімдегі латын әріптерінен, сондай-ақ сандарынан тұрады. Парольдің ең қысқа ұзындығы: 8 символ.

18-сурет

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз!

Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰҚО Сіздің парольдерді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, бұл кілттерді кері қайтару қажет.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Тіркеу куәліктерін орнатқаннан кейін өтінімнің «Сертификаттар орнатылды» деген мәртебесі көрсетілген терезе ашылады (19-сурет).

19-сурет

Өтінішті ұсынған кезде көрсетілген буманы ашыңыз. Тіркеу куәліктерін алудың барлық кезеңдерінен сәтті өткен кезде бумада қолдануға дайын жабық кілттері бар 2 тіркеу куәлігі болады (20-сурет).

20-сурет

Тіркеу куәліктерін алу сәтті аяқталды.

Тіркеу куәліктерін алған кезде қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны бойынша техникалық қолдауға немесе support@pki.gov.kz электрондық поштаға хабарласуды сұраймыз.


2017 ж. 04 мам., 15:37:28