Тіркелу


E-cloud порталында тіркелу үшін келесі қадамдардан өтуіңіз қажет:

Құрметті пайдаланушы!

E-cloud порталында тіркелу үшін Сізге Ұлттық Куәландырышу Орталығынан Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу керек.

ҚР ҰКО сайтында NCA Layer орнату файлын жүктеңіз

NCA Layer орнату туралы толық ақпарат

Порталда тіркелу үшін "Кіріңіз немесе тіркеліңіз" түймешегін басыңыз:



ҰКО тіркеу куәлігінің дереккөзін жергілікті компьютерден немесе KAZTOKEN негізгі ақпаратты тасымалдаушысынан таңдаңыз:


Авторизациядан өту AUTH*** куәлігі арқылы жүзеге асырылады

"Сақтау қоймасының құпия сөзі" терезесінде ҰКО тіркеу куәлігінің құпия сөзін енгізіңіз:

Көрсетілген ЖСН дұрыстығын тексеріп, "Сертификат деректерін алу" деген батырманы басыңыз:

Тіркелуге арналған құпия сөзді енгізіңіз де, "Мен жеке деректерді өндеу және пайдаланушы келісім шарттарымен келісуімді растаймын" жанындағы ұяшығына қанат белгісін қойыңыз:

Пайда болған терезеде Сіз "пайдаланушы келесім" құжатымен таныса аласыңыз:


Тіркелу сәтті өткен кезде жүйе сәйкестік хабарламасын көрсетеді. Жүйеде жұмыс жасауды жалғастыру үшін "Жүйеге кіру" сілтемесін басыңыз:

Пайда болған авторизациялау терезесінде тіркеу кезінде өзіңіз таңдаған құпия сөзді енгізіңіз:


Астындағы белгішесіне (Аты-жөннің жанында) немесе ескертуге (қызыл шаршы, оң жағында) басып, кабинетке кіріңіз:

"Ұйымды қосу" сілтемесіне басыңыз:


Барлық керекті өрістерді толтырыңыз (Назар! Мәліметтердің бір бөлігі ЭЦҚ - дан көрсетіледі):


Міндетті өрістерді толтырғаннан кейін "Тіркелуді аяқтау" түймешегіне басыңыз:


Сәтті тіркелген жағдайда жүйе сәйкес ескертуді көрсетеді.

Құттықтаймыз, Сіз E-cloud порталында тіркелдіңіз!


Сондай-ақ Сіз пайдаланушы және ұйымды тіркеу жайлы бейнені келесі сілтеме бойынша көре аласыңыз:


2017 ж. 11 мау., 15:29:05